Жаңалық

NAIZA 67 турнирі Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді | Турнир NAIZA 67 пройдет во Дворце Спорта им. Балуана Шолака

17-ші қыркүйек 2024 ж.
NAIZA 67 турнирі Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде көптен күткен қарымта кездесу өтпекші. Жасұлан Әкімжан (11-3, 7 KO/TKO, 2 SUB) Джейсон Понеге (24-17-1, 7 KO/TKO, 5 SUB) қарсы шығады. Олардың алғашқы кездесуі NAIZA 55 турнирінде болған. “Амазон самурайы” екі жақты шешіммен жеңіске жетті. Жекпе-жектен кейін Жасұланның аурумен шығып, өзін толық көрсете алмағаны белгілі болды. Енді екеуі де толықтай дайындалып, шынайы шоу көрсетуге дайын!

Минималды салмақ дәрежесінің бұрынғы чемпионы Қазбек “Флэш” Сағын (5-0, 2 KO/TKO, 2 SUB) ең жеңіл салмаққа ауысады. Оның қарсыласы Мурилио “Шиебөрі” да Силва (13-3-1, 8 KO/TKO) болмақ. “Шиебөрі” алты жеңістен тұратын серияға ие және “Флэш” үшін жеңіл қарсылас болады деп айтуға келмейді.

Дәулет Өсербай (3-1, 1 KO/TKO, 1 SUB) темір торға оралып, өз жанкүйерлерін қуантпақ! Оның қарсыласы - қазақстандық фанаттарды ренжітуді мақсат етіп отырған, үндістандық Кахаф Абдул (1-1) болмақшы.

Сондай-ақ турнирде Асан “Борз” Сұлтанов, Хилола Собирова, Арзымат Камашов және басқа да жауынгерлер өнер көрсетеді.

Билеттерді сатып алу: https://bee.gg/e/naiza67


Турнир NAIZA 67 пройдет во Дворце Спорта им. Балуана Шолака.

В главном бою вечера состоится долгожданный реванш. Жасулан Акимжан (11-3, 7 KO/TKO, 2 SUB) против Джейсона Поне (24-17-1, 7 KO/TKO, 5 SUB). Первая их встреча произошла на турнире NAIZA 55. “Самурай с Амазонки” победил раздельным решением. После боя стало известно, что Жасулан вышел на бой с болезнью и не смог показать себя полностью. Теперь же оба бойца в полной боевой готовности и намерены показать настоящее шоу!

Экс-чемпион минимального веса, Казбек “Флэш” Сагын (5-0, 2 KO/TKO, 2 SUB), переходит в наилегчайший вес. Его соперником станет Мурилио “Шакал” да Силва (13-3-1, 8 KO/TKO). “Шакал” идет на серии из шести побед и точно не станет легкой прогулкой для “Флэша”.

Даулет Усербай (3-1, 1 KO/TKO, 1 SUB) возвращается в клетку, чтобы порадовать свою армию болельщиков! А его оппонентом станет боец из Индии, Кахаф Абдул (1-1), который собирается огорчить фанатов из Казахстана.

Также на турнире выступят Асан “Борз” Султанов, Хилола Собирова, Арзымат Камашов и другие.

Купить билеты: https://bee.gg/e/naiza67