Жазылымдар

Бала Бекзат

2022 | Танымдық | 1 season | 0+
Like
Add to favourites
Бұл мультхикая арқылы аз ғана ғұмыр кешіп, артына өшпестей із қалдырған Бекзат Саттархановты өскелең ұрпаққа үлгі етеміз. Бекзат Сейілханұлы Саттарханов өмірінің балалық шағын негіз ете отырып, кішкентай көрермендерді табандылықпен мақсатына жететін, өз ісінің қас шебері болуға үндейміз. Бекзаттың дене қуаты әлсіз, әлжуаз бола тұра, алдына үлкен мақсат қойып, соған жету жолындағы қайтпас қайсарлығын, еңбекқорлығын, асқақ руһын бүгінгі өскелең ұрпаққа көрсетеміз. Қарапайым отбасында туған Бекзат ақылды, еңбекқор, отбасына қолқабыс ететін, досына адал бала. Ол дегеніне жетпей қоймайтын табандылығының арқасында өз армандарына жол салады. Ата-анасы оның дене қуатын көтеру мақсатында спортпен айналысуын қадағалайды. Басқа балалар секілді мықты болғанын, өзін қорғай алатын денелі азамат болуын ойлап оны күреске береді. Балаларға қызықты оқиғалармен өрілген мультхикаяда әр серия сайын бала Бекзаттың бір жақсы қырымен (адалдық, жанашырлық, еңбекқорлық, шыншылдық, табандылық т.б.) танысып, балалар танымын кеңейтетін мазмұндар да бірге көрсетіледі.
Жанрлар Танымдық, Ойын-сауықЕрекше атауы Бала БекзатAudio tracks Орыс