Балапан түлек
2022 | Танымдық | 1 season | 6+
Like
Add to favourites
Жеті жасар Түлек – өте көңілді, тынымсыз, ізденімпаз балапан. Тынымсыздығы сондай, жұмыртқаның ішінде жатқан кезде-ақ басқа балапандардан бұрын жұмыртқасын жарып шыққан. Ал ізденімпаздығы соншалық, қабығынан шықпай жатып алғашқы сұрағы «Бұл не?» болған. Содан бері әр нәрсеге деген әуесқойлығы Түлекті алға жетелеп, жетіліп дамуына себеп болып келе жатыр. Түлек – ісіне берік, тәртіпті, әдепті балапан. Өзінің видеоблог жүргізетін арнасы бар. Оның әр күні, тіпті әр сағаты жоспарланып, смартфонында сақталып тұрады. Түлек уақытты ұтымды пайдаланғанды жақсы көреді. Сондықтан да бос уақытында біліміне, денсаулығына пайдалы іспен шұғылданып, өзінің жаңа қырларын дамытып жүреді. Жеткен жетістіктері мен жақсы нәтижелерін смартфонына түсіріп, арнасына салып тәжірибелерімен бөлісіп отырады. Әр бөлімде көрермендер Түлектің бір күнінің жоспарымен танысып, сол жоспарын қалай іске асыратындығын бақылап отырады. Түлектің ашқан жаңалықтарының қыр-сырымен танысып, оның қиындықтары мен шешімін бірге іздейтін болады. Түлек те өз кезегінде көрермендердің пікірін сұрап, ойын айтып отырады. Мультсериалдың әр бөлімінде Түлектің жасына сай әртүрлі тақырыптар қозғалатын болады. Тақырыптарды ашу мақсатында міндетті түрде қосымша кейіпкерлер қатысатын болады. Әр бөлімнің соңында өзінің видеблогы арқылы үйренген дүниесінің нәтижелерін қорытындылап, санасына бекітіп отырады.