Тоқты мен Серке
2022 | Ойын-сауық | 2 seasons | 6+
Like
Add to favourites
Тоқты мен Серкенің келесі маусымында жаңа кейіпкерлер пайда болады. Оның біреуі – Аю-десантшы. Басында береті, жолақ жейдесі бар (тельняшка). Бұқадан әбден таяқ жеген қасқырлар Аюдың көмегіне жүгінеді. Аюды мақтап Бұқаның етін жеуге шақырады. (Алдымен оны жеңу керек.) Жекпе-жекте Бұқа Аюдан қорқып қашып кетеді. Жеңгендеріне мәз болған Қасқырларға Аю шарт қойып, орындамаса өздерін жазалайтынын айтады. Қасқырлар Тоқты мен Серкеге хат жазып қорқытады. Олар хатта Бұқаның баласы Бұзауды әкеп берулерін талап етеді. Тоқты мен Серке бұл туралы Бұқаға айтады. Ашуланған Бұқа Аюға қарсы қайта шығады. Тағы бір жаңа кейіпкер ата мен әженің қаладан келген немересі – Әпөк. Өте бұзық бала. Тоқты мен Серкеге күн көрсетпей, ығырын шығарады. Тоқты мен Серке Әпөктен құтылудың жолын іздейді. Олар өз дегеніне жеткенімен Әпөк қайта оралатынын ескертіп кетеді.